ТЖМ су қоймаларындағы қауіп туралы ескертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖМ су қоймаларындағы қауіп туралы ескертеді

22.03.2025

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы азайып, қауіп төндіруі мүмкін. Мұз опырылып, ойықтар пайда болады. Сондықтан, төтенше жағдайлар министрлігі мұздың бетіне шықпауға кеңес береді. Әсіресе, балықшылар сақ болғаны жөн. Тағы бір маңызды мәселе - көліктің кез келген түрімен мұзда жүруге тыйым салынады. Бұдан бөлек, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларға жұқа мұзға жақындау қауіпті екенін айтқан абзал.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу