БҚО-да белгісіз ұшу аппаратының қалдықтары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да белгісіз ұшу аппаратының қалдықтары табылды

25.03.2025

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында құлаған ұшу аппаратының қайдан келгенін мамандар анықтап жатыр. Ұшқышсыз қондырғының бөлшектерін Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Абдолла қыстағының тұрғындары тапқан. Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар бөлімі мен прокуратура, аудан әкімдігінің қызметкерлері барды. Жәнібек ауданы – облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Ресейдің Волгоград, Саратов облыстарымен шектеседі. Бұған дейін Бөкей ордасы мен Тасқала аудандарында ұшқышсыз басқарылатын белгісіз ұшу аппараттары табылған еді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу