Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады

25.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен абсолютті чемпион атануымен құттықтады. Бұл туралы теннисшінің өзі хабарлады.

Спортшы бұндай жоғары құрмет алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін жеткізді. Еске саламыз Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды.


Хабарламаларға жазылу