Павлодарда оқушы қыз қатарласын соққыға жықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда оқушы қыз қатарласын соққыға жықты

26.03.2025

Павлодарда мектеп оқушысы қатарласын соққыға жыққан, ал қасындағы қыздар төбелесті телефонға түсіріп алған. Адам шошырлық видео желіге тараған.Төбелескен оқушы қыздардың кімдер екені анықталды.

Жәбір көрсеткен қыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, оның бұл әрекетіне қатысты арнайы комиссия шешім қабылдайды. Оны Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласындағы Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына жіберуі мүмкін.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу