Түркиядағы шеруден 1400-ден аса адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы шеруден 1400-ден аса адам тұтқындалды

26.03.2025

Түркияда жетінші күнге ұласқан шерулер кезінде тұтқындалғандар саны 1418-ге жетті. Қарсылық акциясының басталуына Ыстанбұл мэрі Екрем Имамоғлының жемқорлық үшін айыпталып, тұтқындалуы себеп. Қамалған оппозиционер тағылған кінәні мойындамай, істің саяси астары барын мәлімдеп отыр. Президент Режеп Тайып Ердоған болса, бұл уәжді жоққа шығарды. Жалпы алғанда Имамоғлының ұсталуына қарсы демонстрациялар елдің 81 провинциясының 55-де өткен. Оппозиция шеруді жалғастыра беретінін жариялады. Ал Ердоған «көшедегі террор» тоқтауы қажет деп ескерту жасады. «Рейтердің» хабарлауынша, Анкарада наразылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласқан. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу