Парламент жаңа су кодексін қабылдады. Құжатта су ресурстарын пайдалану, гидротехникалық құрылғыларды басқару, мемлекеттік органдардың міндеттері, тариф саясаты, тіпті суды үнемдеу тетіктеріне дейін жазылған. Әсіресе көктемгі су тасқынына дайындық және онымен күресу тетіктері нақтыланған. Сенат Мәжілістің нұсқасына 19 түзету енгізген. Құжат негізінде су шаруашылығын цифрландыру үшін Ұлттық ақпараттық жүйе құрылады. Ал гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң тексерулер ұйымдастырылып, қауіпсіздік стандарттары бекітіледі. Мәжіліс бүгін Сенаттың енгізген түзетулерімен келісіп, кодексті Президенттің қол қоюына жіберді.
Оңғар Алпысбайұлы
