Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі Астанаға келді. Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасының 170-тен астам қызметкерін Қарулы күштер өкілдері күтіп алды. Жеңіс шеруіне биыл Қарулы күштер мен басқа да әскери құрамалардан 4 мыңға жуық әскери қызметші, 200-ге жуық әскери техника қатысады.
Сағи Қызайбек, гвардия лейтенанты:
Бала кездегі арманымыз осы әскери шеруге қатысу болатын. Сол арман орындалып алғаш рет әскери шеруге қатысуға келіп тұрмыз. Жоғары тәртіп пен бізге қойылған тапсырманы ойдағыдай орындауға уәде береміз.
Серік Жұмабек
