Ораза айтта Түркия халқы 9 күн демалатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ораза айтта Түркия халқы 9 күн демалатын болды

27.03.2025

Түркия биылғы Ораза айтта тоғыз күн демалатын болды. Бұл жаңалықты ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жариялады. Үш күндік айт мейрамынан кейін келетін 2, 3, 4 сәуір жұмыс күндері де Президент жарлығымен демалыс болып есептеледі.

«Мектептердегі көктемгі каникул мерзімімен тұспа-тұс келген Ораза айт мерекесі күндері барлық түркиялықтар отбасымен бірге демалуы үшін осындай игі қадамға бардық», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Бұған дейінгі жылдарда түркиялықтар Ораза айтта үш күн, Құрбан айтта 9 күн демалатын.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу