Ауыл мұғалімдеріне арналған курс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл мұғалімдеріне арналған курс басталды

27.03.2025

Ауылдық тірек мектептердің мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты жеделтетілген курс басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға 135 мектептен 500-ден астам мұғалім қатысып жатыр. Олар екі күн бойы STEM технологияларын енгізу, оқу сауатын дамыту және өмірлік жағдайға бейімделген тапсырмалар әзірлеу сияқты өзекті мәселелерді талқыға салады. Жоба аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, сабақтарға қатысу, кері байланыс беру, оқыту курстарын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ «Кәсіби ұстаз» онлайн-платформасы арқылы тірек мектептерінің мұғалімдері басқа елдімекендегі мұғаліммен өзара тәжірбие алмасады.

Толқын Айдосова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы директорының міндетін атқарушы:

Бұл жерде 30-дан аса пән мұғалімдері өздерінің пәнді оқыту бойынша шеберлік сағатын басқа мұғалімдерге көрсетеді.  Сонымен қатар ауыл мектептері оқушыларының оқу жетістігіне диагностика жүргізілген болатын. Сол диагностиканың нәтижесін пән мұғалімдері жиналып, оқушыларда қандай қиындық болып жатыр, неге ондай қиындық болып жатыр, сол сұрақтарды ашық талқылайды.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу