АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдік көлік импортына 25 пайыз баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды. Тариф сәуірдің 2-нен бастап күшіне енеді. Осылайша ішкі нарықтан шетелдік компаниялар ығыстырылмақ. Трамптың айтуынша, бұл шара АҚШ-тың автокөлік өнеркәсібінің нығаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болады. Алайда сарапшылардың көбі мұнымен келіспейді. Олардың пікірінше, бұл АҚШ-та баға өсуіне, одақтастармен қарым-қатынастың нашарлауына әкелуі мүмкін. Былтыр ел 240 млн долларға 8 млн машина импорттаған. АҚШ-қа көптеп автокөлік тасымалдайтын елдер қатарында Мексика, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада мен Германия бар.
Арай Төлегенқызы
