Шымкентте су арнасын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте су арнасын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі шықты

28.03.2025

Ұзаққа созылған айтыс-тартыстан соң Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі шықты. Сот процесі барысында стратегиялық нысанды жекешендіру кезінде бірқатар заңбұзушылық болғаны анықталған. Яғни Үкімет қаулысымен қаланың өмірлік маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін нысандарды бірыңғай кешеннен бөлуге тыйым салынғанына қарамастан меншік құқы өзгерген. Осылайша «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-на қарасты 4 су жинақтау орны мен автокөлік цехы мемлекет қарауына берілетін болды. Осы нысандарға қатысты жасалған бірқатар келісімшарт жарамсыз деп табылып, күшін жойды. Көпшілікті алаңдатып отырған жәйт, су тарату мекемесінің қазір банкке 12 миллиард теңге қарызы бар. Ал мүліктерінің 54 пайызы сол үшін кепілдікке алынған. Қала әкімдігінің өкілдері бұл шығындар бұрынғыша тұтынушылардың есебінен өтелетінін айтты.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

Кредит жабу бойынша бюджетке қосымша жүктеме салмақ түспейді. Осы тарифтің ішінде тарифтен түскен ақшамен жабылатын болады. Екіншіден, мемлекеттік меншікке өткеннен соң осы обьектілердің барлығында тарифтердің төмендету бойынша жұмыс істейміз.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу