Астанада құснихат көрмесінің тұсаукесері өтті. Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған «Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы» атты ғылыми шараға 5 мемлекеттің ғұламалары мен каллиграфтары қатысты.
Онда Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның хаткерлері қылқаламмен құбылтып, жақұттап жазған араб каллиграфиялары таныстырылды. 30-ға жуық таңдаулы туындыларда құран аяттары мен ғибрат сөздер өрнектелген. 3 күн өтетін көрменің мақсаты - қазақ жеріне 15 ғасырда келген көркем өнерді жаңғырту, дейді шеберлер.
Динара Жарқынбек
