Атырау халқына тегін құқықтық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау халқына тегін құқықтық көмек көрсетілді

28.03.2025

Атырау қаласының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді. Акция – Аманат партиясының бастамасы. Көпшілік кәсіби заңгер медиатор, адвокат, сот орындаушы және «Отбасы банк» өкілдеріне сұрақтарын қойып, кеңес алды. Бір күн ішінде уәкілетті орган өкілдері 30-ға жуық азаматты қабылдап, проблемаларын шешуге қол ұшын берді.

Ермұханбет Жұмабек, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі басшысының орынбасары:

Қазір өздеріңіз білесіздер, құқықтық көмек алу үшін азаматтар ақылы түрде алуға мәжбүр болады. Ал біздің алаңымызда оларға тегін қызмет жүргіземіз. Кейбір азаматтардың өтініштерін біз республикалық деңгейде көтеретін боламыз, мәжіліс депутаттарының алдында, орталық мемлекеттік органдардың қабылдауына жазып.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу