Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері бас қосты. Жиында ұйымның 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы сөз қозғалып, биыл ұйымдастырылатын іс-шараларды жүзеге асыру қадамдары айтылды.
Бекзат Алтынбеков, ҚХА Қарағанды облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына байланысты іс-шаралар кең көлемде өткізілуде. 1 мамырда осыған дейін атқарылған шаралардың бірінші кезеңін қорытындылаймыз.
Темірлан Нұрсолтан
