Астанада «Құстарды сақта!» қалалық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Құстарды сақта!» қалалық акциясы өтті

28.03.2025

Астанадағы №79 мектеп-лицейде «Құстарды сақта!» қалалық акциясы өтті. Оқушылар ата-анасымен бірге құстарға ұя жасап, ағаштарға орнатты. Шараға бас-аяғы 50-ге жуық отбасы қатысты. Мақсат – табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жыл сайын өтетін акция биыл «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған.

Оңдасын Махан, Астана қаласының тұрғыны:

Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан келгенде өзіміз дайындаған ұяларды әкеліп саябақтарға ілеміз. Биыл мектепке әкеліп іліп жатырмыз. Негізі барлық саябақта біздің ұяларымыз бар. Бұл іс-шара 2018 жылдан бастап қолға алынған болатын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу