Алматыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев екеуі бірнеше нысанды аралап көрді. Мысалы, Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды.
Музей коллекциясында суретшінің шеберлігі шыңдалған негізгі кезеңдерді айшықтайтын 450-ге жуық туындысы мен графикалық кескіндемесі сақтаулы тұр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары өзбек бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлты қазақ Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған ретроспективалық көрмені аралап көрді.
Алғаш рет Орал Таңсықбаевтың әр кезеңдегі картиналары бір кеңістікте орналастырылды. Бұл жұмыстардың арасында 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басындағы алғашқы туындылардан бастап жылымық дәуірінің үлкен полотноларына дейін бар, деп хабарлады «Ақорда».
Алматыдағы бейресми кездесу жайлы Оңғар Алпысбайұлының материалы.
