Атырау облысы Құлсары қаласында бір ер адам ажырасқан әйелін емханада пышақтап өлтірген. Келіншек емханада заңгер болып істеген, сондағы кабинетте. Әлгі ұсталған. Әйелдің екі баласы бар екен.
Осы аптада Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде ұрғаннан қабырғалары шытынаған әйел полицияға арыз берді. Оны күйеуі ауруханада ұрған. Әйелдің айтуынша, күні күн емес: жейтіні-таяқ, еститіні боқ сөз. Әбден қорланған. Күйеуі ұрсам, өз әйелім дейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаятын түрі байқалмайды. Жемқорлық сияқты жеңе алмайтын зобалаңның бірі болды...
Ұлттық құрылтайда Президент әйелдер колониясындағы жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдерге байланысты айтты.
«Ер адам немесе әйел болсын, бас бостандығынан айырылғандардың бәрі заң алдында бірдей екені түсінікті. Дегенмен адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әңгіме колониялардағы жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдерге амнистия жариялау туралы. Шешімді тезірек қабылдау керек сияқты. Құқыққорғаушы Айман Омарова Жауғаштыдағы әйелдер түрмесінде емізулі балалар жаппай ауырып, оның үшеуінің жағдайы нашар болғасын шұғыл ауруханаға жатқызылды деп хабарлады. Кейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасын тексердік, балалар жаппай ауырмаған деді. Не дегенмен емізулі бала, жалпы бала өмір сүретін жер емес...
Раушан Сайлауқызы талдайды.
