Жамбылдағы зілзаладан зақымданған тұрғын үйлерге сараптамалық тексеру жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы зілзаладан зақымданған тұрғын үйлерге сараптамалық тексеру жүріп жатыр

31.03.2025

Жамбылдағы жер сілкінісінен кейін 122 тұрғын үй есепке алынғанымен, оның басым бөлігі тізімнен шығарылды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен арыздарды қарау барысында зақымданған баспаналар саны азайғанын айтты.

Бүгінде нақты зақым келген 12 тұрғын үй анықталған. Ал нақты шешім шығару үшін әлі де сараптамалық тексеруді қажет етеді. Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында ұзын саны 17 әлеуметтік нысан зақымданған. Әсіресе 5 балдық тербеліс тіркелген Меркіде аудандық аурухана ғимараты, бірнеше ауылдық амбулатория, балаларды оңалту орталығы мен балабақша қабырғаларына сызат түскен. Қазір қандай да бір қауіп жоқ. Дегенмен мамандар азаматтық құтқару алгоритміне сай барлық жағдайға сақадай сай.

Жалғасбек Әбдуәлиев, облыстық ТЖД азаматтық қорғау басқармасының басшысы:

Меркі ауданына 37 зардап шеккен халықты қабылдау бекеті бар. Тұрар Рысқұлов ауданында 34 қабылдау пункті бар. Тиісті сейсмо-орталық бекітілген, мектеп, спорт мекемелері сияқты ғимараттарда орналастырылған. Қажет болған жағдайда дер кезінде әрекет етуге дайынбыз. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу