Шымкент қаласының аспаздары еліміз бойынша ең үлкен самса әзірлеп, рекорд орнатты. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы айтты. Көпшілік сүйсіне жейтін астың салмағы 24 келі. Оны мегаполистегі ірі тамақтану орнының бас аспазы Немат Нарахожаев дайындаған. Пісіруден бұрын қажетті мәзірін әзірлеудің өзіне 2 аптадай уақыт кетіпті. Аспаз үлкен самсаны пісіру біраз қиындық тудырғанын айтады. Құрамы мен әзірленуінде ешқандай өзгеріс жоқ.
Айта кетейік, шымкенттік аспаздар бұған дейін ұзындығы 67 метр кәуәп пен салмағы 50 келі болатын пицца әзірлеп, рекорд жаңартқан.
Ғани Қалмаханов
