Астанада LRT-нің алғашқы қызметкерлері оқытудың бірінші кезеңінен өтті. Енді 29 маман жаңа көлікті меңгеру үшін Қытайға аттанады. Олар Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық университетінің сарапшыларынан білім алады. Жеңіл рельсті трамвайдың машинисі болмайды, қашықтан басқарылады. Сондықтан оны пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша арнайы даярлық қажет. Қытайда мамандар осы бағытта теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдайды. Әкімдік LRT құрылысын биылғы күзде аяқтауды жоспарлап отыр. Ал жолаушылар тасымалы келер жылдың басына белгіленген.
Айдар Бауыржанұлы, «City transportation systems» ЖШС қызметкері:
Әрине бұл жоба біз үшін жаңа бағыт, жаңа технология. Біздің басты міндетіміз - жаңа технологияны меңгеріп, біліміміз бен тәжірибемізге сүйене отырып, LRT жобасын іске қосып, одан әрі дамуына атсалысу.
Шерхан Жамбылұлы
