Солтүстік Қазақстан облысындағы Қозыбаев университеті жаңа оқу жылында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200-ден астам студентті қабылдайды.
Мектеп түлектері мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін теріскейден түстікке кәсіптік бағдар беру керуені жолға шықты. Арнайы делегация құрамында студенттер мен оқытушылар бар. Олар Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында 30 елдімекенді аралайды. Жұмыс тобы 6 500 шақырым жолды жүріп өтпек. Қозыбаев унивеситеті америкалық жоғары оқу орнымен әріптестік орнатқан. Мемлекеттік бағдарлама қатысушылары Аризона университетінің филиалына да оқуға түсе алады. Аталған жоба қос дипломдық білім бағдарламасын қамтиды.
Байжан Әбдіров, студент:
ҰБТ тапсырып жатқан студенттерге осы жаққа түсуге керемет мүмкіндік бар екенін және осындай кереметтей екі дипломдық жұмыс бар екенін және де Америкадағы Аризона штатымен біз келесімге отырғанбыз. Осындай екі дипломдық жұмыспен таныстырып, өзіміз көмектесеміз деп, өзіміз қолдау көрсетеміз деп, осында шақырамыз.
Эльмира Кәленова
