Түркістан облысында шегірткемен күрес науқаны ерте басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шегірткемен күрес науқаны ерте басталды

04.04.2025

Биыл оңтүстікте көктем қысқа болып, күн күрт ысып кетті. Салдарынан Түркістан облысында шегірткелер ерте шығып, шаруалар алаңдап отыр. Жан жақты жайпап кетпесі үшін мамандар дәрілеу жұмыстарын жылдағыдан ерте бастады. Қазір өңірдің Келес ауданы мен Арыс қаласында зиянкеске қарсы өңдеу жүргізілуде. Облыс аумағында бұдан бөлек шегірткенің ошағы саналатын Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 372 мың гектар аумақ дәріленбек. Қазір аймақта жедел штаб құрылып, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары пысықталуда.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

Нақты кім қандай жұмыстар атқарады, қандай техникалармен жұмыс жүргіземіз? Осы бағытта дайындық жұмыстарын пысықтадық. Өткен жылы бізде 400 мыңнан астам гектарды алып жатқан болса, биыл да болжам орталығы сол жобада болады деп күтілуде.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу