Астанада саяси бағыттағы қос кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада саяси бағыттағы қос кітап жарық көрді

04.04.2025

Астанада саяси бағыттағы қос кітаптың тұсаукесері өтті. Екеуінің де авторы – Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов. Алғашқы еңбек «Қазақтың Қонаевы» деп аталады. Бұл туынды Дінмұхамед Ахметұлының қайраткерлік жолы жайлы. Мұнда автор кеңестік кезеңдегі әділетсіздіктер мен қайшылықтар туралы баяндап, өзі куә болған саяси-маңызды шешімдердің қалай қабылданғанын тарқатып түсіндірген. Ал екіншісі сұхбат жанрындағы «Отыз жылдың ой-толғауы» кітабы. Сұрақ-жауап негізінде өрбіген шығарма нақты деректерге сүйеніп жазылған. Ел іргесінің қалыптасуынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.

Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Ол 1991 жылы біз тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанннан кейін жасалған, өзім қатынасқан, өзім көрген кейбір біздің халықаралық қатынасқа байланысты, Қазақстанның тәуелсіздігі тұрақтанып, нығаюына байланысты еңбек еткен адамдар туралы жазылған.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу