Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиынға Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және Қатар Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Азия және World Aquatics олимпиада кеңесінің бас директоры қатысты. Ел спортшыларын халықаралық спорт ұйымдарымен бірлесе даярлау, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ су спорты түрлерін дамытуда өзара ынтымақтастықты нығайту жайы сөз болды.
Жақсыбек Кемал
