3 облыста тасқыннан келер қауіп сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 облыста тасқыннан келер қауіп сейілді

07.04.2025

Ал, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су қоймаларының деңгейі түсе бастады. Яғни, аталған үш өңірде тасқыннан келер қауіп сейілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бүгінде Ақмола су қоймасынан секундына 230 текше метр су жіберіліп жатыр. Ал, Шығыс Қазақстан обалысындағы Өскемен және Бұқтырма су қоймаларынан секундына 450, 430 текше метр су ағызылуда. Абай облысындағы Шүлбі және СҚО-дағы Сергеев су қоймаларынан секундына 740 және 718 текше метр су өзендерге құйылып жатыр.  

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу