Мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында жасанды интеллектіні қолданып, жұмысты оңтайландыруға болады. Осы тақырып төңірегінде бүгін арнайы конференция өтті. Отандық және шетелдік сарапшылар жаңа технологияның бизнес-жүйелерге, мемлекеттік басқаруға және экономикаға ықпалын талқылап, нақты мысалдар келтірді. Мамандардың айтуынша, генеративті жасанды интеллект мекемелердің бәсекеге қабілетін күшейтіп, жұмыс сапасын жақсартады.
Нұрбек Садықов, «Qcloudy» компаниясының директоры:
Квазимемлекеттік компания бар. Сол жерге біз трактор-комбайндарды инвентаризация жасауды автоматтандырдық. Нәтижелері өте керемет. Инфраструктураның құны 3 есе азайды. Инвентаризациялау мүліктерінің саны 6 есе көбейді және де Инвентаризациялау уақыты бірнеше аптадан 3 күнге дейін қысқарды.
Аружан Қайсар, Ұлттық статистика бюросының сарапшысы:
Жақсы. Жасанды интеллект бойынша көп нәрсені біліп, үйреніп жатырмыз. Енді болашақта жасанды интеллектке көп жағдайлар жасалынып жатыр. Соған тәжірибе ретінде үйреніп жатырмыз.
Темірлан Нұрсолтан
