Оқырман қауымға құнды еңбек жол тартты. «Таңғаламын өмірдің ғажабына» атты қос томдық – ел ағасы Мырзатай Жолдасбековке арналып отыр. Автор кітабын сексеннің сеңгіріне көтерілген қабырғалы қайраткерге тартуым болсын, - дейді. Сыр-сұхбатқа құрылған ғұмырнамалық романда Мырзатай Жолдасбековтың ұлт мұраты жолындағы күреске және ғибратқа толы өмірі баяндалады. Қазақ әдебиеті тарихына қосқан мол мұрасы, Алаш арыстары мен ақын-жазушыларды халықпен қайта қауыштыруға, ана тілінің мәртебесін көтеруге сіңірген ерен еңбегі ескерілген. Сондай-ақ, оның Наурыз мейрамының ұлттық рухани сипат алуына және биліктегі биік белестері кеңінен көркем тілмен кескінделген. Ол замандас болған заңғар тұлғалар туралы да қамтылды. Белгілі жазушы Болат Бодаубай бұған бес жылын арнапты. Кітап 5 мың тараумен жарық көрді.
Нысаналы ЫҒЫЛ