ҰБТ-ның негізгі сынағына өтініш қабылдау екі күннен кейін басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның негізгі сынағына өтініш қабылдау екі күннен кейін басталады

10.04.2025

Екі күннен кейін Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі сынағына өтініш қабылдау басталады.

Нақтырақ айтсақ, 12-25 сәуір аралығында талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш бере алады. Сынақ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Барлық талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және гранттар конкурсына ең жоғары баллмен қатысу мүмкіндігі беріледі. Өтініш беру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе «UTO.kz» мобильді қосымшасын қолдану қажет. Пәндер саны бұрынғыдай: үш міндетті және екі таңдаулы пән. Максималды балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі. Таңдау емтиханына өтудің минималды балдары өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, талапкерлер тестілеудің күні, уақыты және орны бойынша таңдауды өздері жасайды. Алайда, екі рет тапсыру үшін олар тек бір профильдік пәндер комбинациясын таңдауы керек.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу