Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай фестиваль өтті

10.04.2025

«Отты жылдардың әндері». Осындай атпен Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай фестиваль өтті. Шараның мәні отансүйгіштікті қалыптастырып, қан майданда жанын пида еткен қаһармандардың ерлігіне тағзым ету. Фестивальде сахнадан партиоттық, сондай-ақ соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Екінші Дүниежүзілік соғысқа Семей өңірінен 103 мың 450 адам аттанған. Қазір майдан даласынан аман оралғандардың өзінен Абай облысында көзі тірі екі ардагер ғана қалған.

Кенжебай Бердікенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

56 адам Кеңес Одағының батыры атанған. 13 адам Даңқ орденінің толық кавалері болып есептеледі. 41 жылы Семей қаласында құралған 232-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы мен 8-ші гвардиалық атқыштар дивизиясының құрметіне арналған фестиваль.

Ержан Жақып 

Хабарламаларға жазылу