Маңғыстауда Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы 9 жылға сотталды. Бауыржан Шайдуллин пара беруге итермелеу және алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол сотталушыға 20 миллион теңгеге үкімді жеңілдетуге уәде берген. Оның серіктесі, сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленген. Ал жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап арызын сот қараусыз қалдырды.
Аягөз Оралбайқызы
