Алдағы айларда Астанада бірқатар ауқымды іс-шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы айларда Астанада бірқатар ауқымды іс-шаралар өтеді

10.04.2025

Өткен жылы еліміз іскерлік туризмнен 20,7 млн доллар табыс тапқан. Ал биыл халықаралық іс-шаралар өткізуден 2 млн еуро пайдаға кенелмек. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы Нұрбол Байжанов айтты. Ол 2025 жылы Қазақстан 5 ірі халықаралық шара өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, кейінгі 5 жылда елге келген туристердің саны 7,5 есеге өсіп, былтыр 15 млн-нан астам адам саяхаттап келген.

Нұрбол Байжанов, ТСМ туризм индустриясы комитетінің туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы:

21-25 шілде аралығында Назарбаев Университеті халықаралық сарапшылар қоғамының конгресін қабылдайды. Оған 1000-нан астам қатысушы келеді. Биылғы 18-22 тамыз аралығында Астана IFLA Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресі өтеді. Кітапхана саласындағы ең ірі оқиға Қазақстанда әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегатты жинамақ. Аталған МІСЕ іс-шараны өткізу қалаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде.

Еске салайық, ертең сағат 11:00-ден бастап америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билеттер сатылымға шығады. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, бір адам тек 4 билет қана сатып ала алады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу