Мерейтой ЮНЕСКО-ның айтулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Бүгін Қазақстан Респубилкасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына Беларусь мемлекетінің Ұлттық кітапханасы сол баспа өнерінің негізін қалаған Франциск Скоринаның еңбектерін сыйға тартты. Бұл - 5 ғасыр бұрын жазылған кітаптардың дәл көшірмесі. Бүгінде славян ағартушысының 520-ға жуық басылымдары сақталған.
Петр Лапо, Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы:
- Бұл кітаптар Беларусь халқы үшін өте құнды. Себебі, шығыс славяндарының жазба әдебиеті дәл осы Франциск Скоринадан басталды десек болады. Оның еңбектері сан саланы қамтиды. Бастысы, қарапайым халыққа түсінікті тілде жазылған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ