Қ.Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

11.04.2025

Ұлттық кітапханада Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Ғалымның монографиялары, мақалалары, баяндамалары мен геологиялық барлау есептері, ғылыми-техникалық жобалары енген жинақтың 10 мың данасы басылды. Цифрлық нұсқасы да жарияланды. Еңбектер жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге және кітапханаларға үлестірілді.

Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:

Қаныштың жолы кімге болса да үлгі. Әсіресе, жастарға, ғалымдарға үлгі. Әлі талай Қаныштар туады ғой. Сол Қаныштардың, болашақ ұрпақтың алатын үлгісі осы 10 томдық жинақ. 

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу