Қарағандыда жүзге жуық адам тазалық шарасына атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жүзге жуық адам тазалық шарасына атсалысты

11.04.2025

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың негізгі көшелері қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына мердігерлік ұйым қызметкерлері, коммуналдық мекеме өкілдері мен ерікті жастардан құралған жүзге жуық адам қатысты. Олар 5 шақырымнан аса көше бойы мен аллеяларды тазалап шықты. Табиғат жанашырлары ағаштарды бұтап, жол жиектерін ретке келтірді.

Алмаз Сламбеков, ерікті:

Жүзден аса адам қаланың орталық негізгі көшелерін тазалаймыз. Бұл шараның маңызы – қаламызды таза ұстау, өзіміз тұрып жатқаннан кейін айналамызды тазалап, барлығымыз көмектеспесек онсыз болмайды.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу