Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістанда жастар арасындағы спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. «Түркістан Арена» стадионында өткен шарада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларымыздың халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүргенін айтты. Осы бәсекеде үздіктер шеберлігін шыңдап, қазан айына дейін өзара бақ сынайды. Жарыс еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан , байдаркада және каноэде ескек есуден жарыс өтеді. Айта кетейік, VI жастар арасындағы спорт ойындары негізінде ұлттық құрама команда жасақталып, халықаралық жарыстарға, оның ішінде биыл Бахрейнде өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық пысықталады.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
Спортпен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтар саны 8,5 млн-нан асты. Биылғы ойындарда жазғы олимпиадалық спорттың 34 түрінен жарыстар өтеді. Осы үлкен спорт мерекесінің ең мықтылары жеңіс тұғырынан көрінсін.
Айнұр Әбілқасымқызы
