Қызылордада орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе салу үшін 5 млрд теңге қаржы бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе салу үшін 5 млрд теңге қаржы бөлінген

13.04.2025

Үкімет резервінен Қызылордада орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе салу үшін 5 млрд теңге бөлініпті.

Қызылорда – орталықтандырылған ыстық су жүйесі жоқ жалғыз облыс орталығы. Жалпы елімізде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының әбден тозғанын білеміз.

Кейбір есеп бойынша елімізде 98 мың шақырым су құбыры болса, оның жартысына жуығы – 43%-ы тозған. Бұл орташа есеп. Себебі 90 процентке дейін тозған топтық су құбырлары, сорғы-сүзгі станциялары аз емес. 90 процентке дейін тозу деген, ілдебайлап зорға тұр деген сөз.

Инженерлік желілерді, құбырларды ауыстыруға инвестор табу да оңай емес. Биыл тарифтердің өсіп жатқаны содан – біртіндеп жаңаламаса, апаттан апат болады. Амал жоқ.


Хабарламаларға жазылу