Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті. Корольдік Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Басқосуда екі елдің байланысын одан әрі нығайту жайы сөз болды. Сауда-экономикалық бағыттар, оның ішінде қос тарап та қызығушылық танытқан салаларда инвесторларға мол мүмкіндіктер беру тақырыбы талқыланды. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының идеясын дәріптеуге үлкен үлес қосып жүргенін атап өтті. Жаһандағы толеранттылық пен халықтар достастығын сақтау ісіне атсалысқаны үшін алғысын айтты.
Мәулен Әшімбаев - ҚР Парламенті сенатының төрағасы
Біз Сауд Арабиясын Қазақстанның ислам әлеміндегі, жалпы әлемдегі ең бір жақын, бауырлас мемлекеті ретінде қарастырамыз. Екі мемлекеттің басшыларының арасында өте маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Енді біздің мақтсатымыз келісімдерді толыққанды жүзеге асыру.
