ШҚО Зайсан ауданында 2 мың га жер өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО Зайсан ауданында 2 мың га жер өртеніп кетті

15.04.2025

Шығыстағы Зайсан ауданында шыққан өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша 2 мың гектар жер күлге айналды. Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш аумағында қамыс пен қураған шөп тұтанған. Ұйтқи соққан қатты желден жалын лезде жайылып, жазық даланы шарпыған. Қазір өртті сөндіруге 85 маман, 15 техника жұмылдырылды. Бірақ батпақты жердегі қамысқа ілінген жалынға арнайы техниканың өзі жетуі қиын. Сондықтан бортында 11 қызметкер бар МИ-8 тікұшағы әуеден су шашып жүр. Кешеден бері аспанға 11 рет көтеріліп, 30 тонндан аса су бүрікті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері елдімекендерге әзірше қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Өрт ошағына жақын Зайсан қаласы мен Біржан ауылының тұрғындары толық хабардар етілді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу