Қызылордада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында студенттер аймақ экологтарымен бірге тал егуге шықты.
Ғимарат ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, мамандар жастарға өсімдікті күтіп-баптауда ақыл-кеңес берді. Сондай-ақ студенттер департаменттің жылжымалы зертханасымен танысты. Экологтар ауаның ластануын анықтайтын қондырғымен сынама алып, жастарға жұмыс барысын көрсетті. Мұндай шаралар алдағы уақытта да экоакция аясында жалғаса бермек.
Қуаныш Бөрібай, Қызылорда облыстық экология департаментінің бас маманы:
Атадан мал қалғанша, тал қалсын деген сияқты осы елімізге, жерімізге теңіздің тамшысындай болсын үлесімізді қосып, осы көгеруге, көгалдандыруға белсене атсалысып жатқан жайымыз бар.
Әділбек Серікұлы
