Ұлттық ұлан салтанатты шеруге дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан салтанатты шеруге дайындалуда

15.04.2025

Жеңіс күніне арналған әскери шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам жауынгер қатысады. Қазір оларға құқықтық-тәртіп әскерінің тігін шеберханаларында салтанатты киімдер тігіліп жатыр. Арнайы матадан әскери талаптарға сай ұлттық нақыш элементтері қосылған киім үлгісі дайындалуда. Жеңіс күніне арналған шеруде Ұлттық ұландағы патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. 

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу