Ақмола облысында су тасқынына қатысты қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Жыл сайын су басатын елдімекендерде 100-ден астам үйге тағы су кірді. Олжас Бектенов облыс әкіміне осылай деп ескерту жасады. Жалпы республика бойынша үлкен апат тіркелген жоқ. Су тасқыны маусымы қалыпты өтіп жатыр. Біраз өңірде қауіп сейілген. Тек Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің деңгейі енді көтеріледі деген болжам бар. Ал Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар толық еріп болмаған. Сондықтан мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар жылдам әрекет етуге дайын болуы керек, деді Премьер-Министр. Су ресурстары және ирригация министрі қоймалардағы су ағымын болжайтын жаңа жүйе әзірленіп жатқанын айтты.
Нұржан Нұржігітов ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Министрлік БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп, су қоймаларында судың келу көлемін болжауға арналған Talsim ақпараттық жүйесін бейімдеп, енгізуде. Қазіргі уақытта Есіл және Нұра өзендеріне арналған гидрологиялық модель бейімделді.
Оңғар Алпысбайұлы
