БЖЗҚ салымшылары қордан 4,6 трлн теңге алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ салымшылары қордан 4,6 трлн теңге алған

16.04.2025

Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану тетігі тоқтатылмайды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры осылай деді. Мұрат Шәріповтың айтуынша, бұл механизм заңмен бекітілген және оны тоқтату немесе қайта қарау жоспарда жоқ. Ал бүгінге дейін қазақстандықтар қордан 4,6 трлн теңгені мерзімінен бұрын алған. Оның 84 пайызы баспанасын жаңартуға жұмсалған.

Мұрат Шәріпов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарушы директоры:

Бұл бағыт заңмен белгіленген, рұқсат берілген бағыт. Сондықтан қазір оны тоқтату немесе қайта қарау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Әр азамат өзі шешім қабылдайды. Бүгінгі таңда оны азаматтар түсініп келе жатыр. Елдің бәрі қолданып қойған жоқ. Қолданбаған да азаматтар бар. Ол кісілер – болашақ зейнетақысын жоспарлап отырған азаматтарымыз.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу