«Яндекс Global» компаниясы ел экономикасына 225 млрд теңге инвестиция құйған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Яндекс Global» компаниясы ел экономикасына 225 млрд теңге инвестиция құйған

16.04.2025

Былтыр «Яндекс Global» компаниясы елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Қазір Қазақстанда 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болған. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған компанияның басшысы Даниил Шулейко айтты. Жалпы «Яндекс Global» 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Кездесуде «Yandex Qazaqstan» қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды. Әсіресе интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу