Еліміздің 12 өңірінде жылу маусымы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 12 өңірінде жылу маусымы аяқталды

16.04.2025

Еліміздің 12 өңірінде жылу маусымы аяқталды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Оның айтуынша, солтүстік аймақтарда жылыту мерзімі сәуірдің соңына дейін жалғасады. Биыл бұл салада технологиялық бұзушылықтар 27% төмендеген. Жылу электр орталықтарында тозу деңгейі 61% азайған. Жылу желілерінде де айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Ведомство басшылары алдағы жылыту маусымында ешқандай қиындық тумас үшін, дайындықты қазірден бастап кеткен.

Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:

Алдымыздағы 5 жылда 2 трлн-дай қаражат бөлу жопарланып отыр. Ол 77 мың шақырымнан астам электрожелілерімен, қоымша қосалқы станциялардың бәрін жөндеуі бар. Жылу желілеріне 1 трлн-нан артық қаражат бөлініп, 1622 шақырым жылу желілерін күрделі жөндеу жүргізуі бар.

Динара Жарқынбек 

Хабарламаларға жазылу