Жас шахматшылар әлемді мойындатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас шахматшылар әлемді мойындатты

16.04.2025

Шахматтың рапид түрінен Грекияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар 6 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Чемпиондардың арасында Президентпен кездескен әлемнің екі дүркін чемпионы, астаналық Алтынбек Айару да бар. Логикалық ойын шеберіне сол жүздесуде алдағы жарыстарда топ жаруға уәде берген болатын. Мемлекет басшысы да жас шахматшыға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Осыдан кейін Айару шахматтан үшінші рет Әлем чемпионы атанды.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу