Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты

17.04.2025

Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті. Маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни, 61,22 долларға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Ал геосаяси шиеленістер аясында алтын сұранысқа ие.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу