Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды марапаттады

17.04.2025

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр. Сондай-ақ мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті:

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бірінші кезекте Сізге осы жоғары марапат үшін алғыс айтқым келеді. Бұл менің ғана емес, тұтас Қазақстандағы православ шіркеулерінің де еңбегінің бағасы деп білемін. Православ шіркеулері елімізде бейбітшілік пен келісім одан әрі арту үшін үлкен үлес қосып жатыр.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу