Әуе билеті қымбат. Сенатор Сүйіндік Алдашев бұл қымбатшылықты авиациялық отынның жетіспеушілігімен байланыстырды. Депутаттың айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары сұранысты жаба алмайды. Салдарынан сырттан тасуға тура келеді. Билет құнының 37%-ы авиаотын сатып алуға кетеді. Сенатор Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, проблеманы шешудің бірнеше жолын ұсынды.
Сүйіндік Алдашев, Сенат депутаты:
Өкінішке орай бүгінде авиаотынды сатудың және оның бағасын белгілеудің ашық тетігі жоқ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұл мәселені реттеуге бірыңғай көзқарасы жоқ. Отандық азаматтық авиацияны басқарудың тиімді оңтайлы үлгісін әзірлеуді, отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті ұлғайту мәселесін шешуді ұсынамыз.
Самал Қабышева
