АҚШ-пен сауда шиеленісі күшейген тұста Қытай сауда серіктестерінің шеңберін кеңейтіп жатыр. Оңтүстік шығыс Азия елдеріне сапары аясында Қытай лидері бүгін Камбоджаға барды. Бұған дейін Си Цзиньпин Вьетнам мен Малайзияға сапар шегіп, бірқатар келісімге қол қойған. Аймақты бірлікке шақырған. Құрама Штаттармен қарым-қатынас күрт нашарлаған тұста Бейжің көршілес мемлекеттермен сауда қатынасын нығайтуды көздейді. Бұған қоса сапар барысында Си «Қытай бұл елдер үшін АҚШ-қа қарағанда тұрақты серіктес» екенін көрсеткісі келеді.
Арай Төлегенқызы
