Павлодардың іргесіндегі Еңбек ауылы түтінге тұншығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардың іргесіндегі Еңбек ауылы түтінге тұншығып отыр

17.04.2025

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының тұрғындары бірнеше күннен бері түтінге тұншығып отыр. Себебі қыс бойы жиналған қоқыс төгетін орынды белгісіз біреулер өртеп жіберген. Оның үстіне түтінмен араласып қолқаны қабатын жағымсыз иістен мезі болдық дейді тұрғындар.

Мұхамедсапар Ахметов, Еңбек ауылының тұрғыны:

Кейбіреулер өлген малдарын бірге алып келеді де, төгеді де, содан кейін жағып жібереді анау бірге жанып кетсін, білмесін деп. Әйтпесе әдейілеп кім жағады оны. Кімге керек ол боқтық, ешкімге де керек жоқ былайша айтқанда. Біз «Әкім солай» деп біреулерді кінәлап жатқан жоқпыз. Демалу деген өте қиын жағдай болып тұр.

Аумағы 10 гектар. Өртті тұмшалауға ауыл адамдарының шамасы жетпейді. Егер арнайы өрт сөндірушілер келмесе, бықсып жатқан қоқыс жаз бойы жана береді. Себебі бұл проблема жылда қайталанады дейді тұрғындар.

Болатхан Сукер, ауылдық округ әкімі:

Шеткі үйлерге жақынғ негізінде зиратқа да жақын боп тұр. Бірақ жан жағы су қорғау аймағы болғандықтан басқа апаратын жер жоқ сол жерге орналастырылған және де қазір бізде 1-сәуірден 1-мамыр аралығында тазалық айлығы жарияланып, сенбіліктер өткізіліп жатыр. Осы бір ай айлық шеңберінде барлығы көң-қоқыстарын шығаруы керек. Содан кейін барып біз тазалау жұмыстарын жүргіземіз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу